Ақтөбеде коронавирус жұқтырған балалардан Кавасаки синдромы анықталды

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған балалардан Кавасаки синдромы анықталды

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған балалардан Кавасаки синдромы анықталды
ашық дереккөзі
236
Ақтөбеде облыстық балалар ауруханасында жатқан 5 және 15 жастағы баладан Кавасаки ауруына ұқсас белгілер анықталды. Бұл туралы Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап "Диапазон" хабарлады. "Облыстық балалар ауруханасында жатқан екі балада мультисистемалық қабыну синдромы расталды. 5 және 15 жастағы балалар ауыр жағдайда қабылданған болатын. Қазір олар палатаға ауыстырылды, өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Даняров. Оның айтуынша, 5 балада Кавасаки синдромы болуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға түскен. Бұл диагноз үшеуінде расталмады. "Коронавирус инфекциясы ересектерде тромбоэмболия тудыруы мүмкін, ал балаларда Кавасаки синдромын өршітеді. Ауру дене қызуын көтеріп, әлсіздік пен аяқ-қолда аллергия сияқты бөртпе пайда болады. Жүрек соғысы да жиілей түседі", - деп түсіндірді жұқпалы аурулар жөніндегі бас маман Мейрамбек Құрмангазин. Сондай-ақ, ол COVID-19 індетінің алғашқы белгілері сезіле бастағанда-ақ дәрігер кеңесіне жүгіну керектігін айтады. Бұған дейін Италия, Ұлыбритания және АҚШ-та коронавирус инфекциясы бар балаларда осындай асқынулар тіркелген болатын. Мұндай жағдайда балалардың орта және кіші артериялары зардап шегеді.  

Серіктес жаңалықтары