907
Жаңа сүт зауыты іске қосылды
Жаңа сүт зауыты іске қосылды
Павлодар ауданына қарасты Мичурин ауылдық округінде жаңа сүт зауыты іске қосылды. Жаңа бой көтерген зауыт – «Вектор S» ЖШС мен «ЭкоМастер» ЖШС-нің бірлесіп қолға алған еңбектің жемісі.
Бұрын бұл жерде кішігірім сүт өндірісі өз жұмысын дөңгелетіп тұрған. Алайда, инженерлік жүйелердің бұзылуына байланысты мекеме өз қызметін тоқтатқан болатын. Кәсіпкерлер бір жылға жеткізбей зауытты қалпына келтіріп, жұмысын жандандырды. Жоба бойынша зауыт жылына 1,35 мың тонна сүт, 160 тонна сары май, 2,79 мың қышқыл сүт өнімін, 180 тонна қаймақ пен 270 тоннаға жуық ірімшік шығарады. Жыл соңына дейін екі мың тоннаға жуық шикізатты өндіру жоспарда бар. Қазір де зауыт қуаты күніне үш тонна өнім шығаруға қауһарлы, ал күздің ортасында бұл көрсеткіш бес мың тоннаға дейін өседі. Әзірге, тауар негізінен Ресейге тасымалданады. Ал, қайта өңдеу үшін кәсіпкерлер сүтті Качир мен Павлодар аудандарынан алады.
«Зауыттың географиялық тұрғыда орналасқан жері өте ыңғайлы. Көптеген ірі сүт кәсіпорындары қандай да бір монополиялық әдістерді қолданады. Егер, біз өз жұмысымызды дұрыс бағытқа қоя білсек, сүт бағасы өзгелеге қарағанда арзан болмақ. Ал, баға – тұтынушы қаратудың негізгі факторы», – дейді «ЭкоМастер» компаниясының директоры Талғат Сұлтанов.