8 Тамыз, 16:31 951 0 Жаңалықтар Бақытбек Қадыр

Билл Гейтс табиғи апаттар пандемиядан да қауіпті болатынын ескертті

«Майкрософт» компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс: «болашақта әлем жаһандық дағдарысқа ұшырауы мүмкін, оның салдары коронавирус пандемиясынан да жаман болады», - деп болжам жасаған. Бұл туралы ӨзА хабарлайды.

Оның айтуына қарағанда, алдағы он жылдықта әлем климаттық өзгеріске тап болады. Қазіргі COVID-19 пандемиясының салдарынан бірнеше есе көлемді болуы мүмкін, – деп жазған жеке блогында.
Билл Гейтс экологиялық дағдарыстың әсері мен коронавирус пандемиясының ахуалын салыстыра отырып, инфекциядан болған өлім көрсеткіші 100 000 адамның 14-і көз жұмуы мүмкін деп алаңдайды. Алдағы 40 жылда жер бетіндегі температураның көтерілуіне байланысты, өлім дәл осы пандемия кезіндегідей болады, ал 2100 жылға қарай бұл көрсеткіш бес есеге артады, деген.Миллиардер климаттың өзгеруіне қарсы әрекетті бастауға шықырып, атмосфераға зиянды көмірқышқыл газ шығындыларының көлемін бақылау үшін ғылым мен инновацияны іске салу керектігін ұсынды.
Сонымен бірге, ол экологиялық проблемалармен күрес дамушы елдерде жүргізілуі керек деп санайды. Гейтс адамзаттың ендігі аялдауға уақыты жоқ және ол қазірдің өзінде әрекетті бастау керек екенін айтқан.

Соңғы жаңалықтар