5 Тамыз, 13:32 507 0 Денсаулық Арайлым Бимендиева

Жамбыл облысында коронавирусқа шалдыққандардың 80 пайызы жазылды

Сурет интернеттен алынды
Сурет интернеттен алынды

Жамбыл облысында қабылданған жедел шаралардың арқасында коронавирустық инфекциямен күресте бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтсақ,  аталған дерттен сауыққандар саны арта түскен.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 5 тамыздағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның расталған жағдайларының саны 3 724-ке жетсе, бүгінде оның 3 019-ы сауығып, ауруханалардан шығарылды. Бұл жалпы тіркелген жағдайлар санының 81 пайызын құрайды. Күн сайын 70-ке жуық науқас стационарлардан шығарылуда.

«Соңғы аптада инфекциялық стационарлар мен провизорлық стационарлардағы науқастар саны 15,4 пайызға, реанимация бөлімшелерінде 24 пайызға азайды, – дейді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов.

Инфекциялық және провизорлық стационарлардағы пациенттер қажетті дәрілік препараттармен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, аталған мобильді топтар үй карантиніндегі тұрғындарды да бақылауға негізделген. Облыс бойынша барлығы 214 мобильді топ жұмыс істейді десек, олардың құрамына 642 маман енген.

«Бүгінде коронавирустық пандемияның екінші толқынына қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қосымша тағы 1 600 провизорлық және инфекциялық төсек орындарын ашу, үш айлық дәрі-дәрмек қорын қалыптастыру жоспарлануда», – деп түйіндеді Х.Мырзақасымов.

Соңғы жаңалықтар