Вячеслав Першуков: Ең қуатты ядролық зерттеу реакторы салынбақ

Вячеслав Першуков: Ең қуатты ядролық зерттеу реакторы салынбақ

Вячеслав Першуков: Ең қуатты ядролық зерттеу реакторы салынбақ
ашық дереккөзі
449
Әлемдегі ең қуатты ядролық реактор 2020 жылы іске қосылады.  Ресей атом саласының мамандары қазақстандық әріптестерін көпсалалы ядролық зерттеу реакторы жобасына қатысуға шақырды. Бұл ауқымы бойынша әлемдегі ең қуатты көпсалалы ядролық зерттеу орталығы болмақ. Жобаның мақсаты, атқаратын қызметі мен келешегі туралы «Росатом» корпорациясының инновацияларды басқару блогының директоры Вячеслав Першуков мырза әңгімелеп берді.   Бұл жоба нендей мақсатты көздейді? – Зерттеу реакторларының көпшілігі 40 жыл бұрын жасалған. 2020-2025 жылдары Ресейдің тәжірибелік базасының тозығы жетіп, бар ресурстарын тауысады. Сол кезде қолымызда зерттеу жүргізетін қажетті құрылғылар болмай қалуы мүмкін. Атом энергиясын болашақта тиімді жүзеге асырып, кең көлемде пайдалану үшін зерттеу реакторлары базасын жаңартып отыру керек. 2007 жылы «Росатом» мемлекеттік корпорациясының №1 ғылыми-техникалық «Ядролық реакторлар мен атом энергиясы» тақырыбындағы кеңес отырысында жылдам нейтронмен жұмыс істейтін үздіксіз реактор жасау туралы шешім қабылданды. 2010 жылдың 4 ақпанында РФ Үкіметінің қаулысымен «Ядролық энергия технологиясының 2010-2015 жылдарға арналған жаңа түрі мен 2020 жылға дейінгі перспективасы» атты федералды бағдарлама бекітілді. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – ядролық энергетиканың жаңа технологиялық платформасын жасап шығару, яғни жылдам нейтронмен жұмыс жасайтын реактордың тұйық ядролық циклінің бастамасы болып табылады. Аталған бағдарламаның басым бағыттарының бірі – жылдам, көпсалалы зерттеу реакторының жаңа түрін жасау. Зерттеу реакторының көмегімен атом энергиясының тәжірибелік базасын қалыптастырып, одан әрі дамыту жұмыстары алға қойылған. Бұл жоба сәтті жүзеге асса, реакторларды тиімді пайдалану бойынша Ресейді әлемдік мемлекеттер алдында көшбасшы етеді. Реакторды оңтайлы  пайдаланудың негізгі мақсат-мүддесі – инновациялы материалдар мен келер ұрпақтың ядролық-энергетикалық жүйесіне арналған аймақтар макетін жүргізуге, сонымен қатар жағармай циклінің жылдам нейтрондары, қуаттылығы орташа және жоғары жылу реакторларын сынауға пайдаланылады. Айта кететін тағы бір мәселе – көпсалалы сынақ реакторының негізінде жасалатын сынақ алаңы өзіміз үшін ғана емес, дүниежүзі елдерінің ортақ қолданысына арналған. Бұл жоба бойынша «Росатом» өзара тиімді ынтымақтастыққа есік ашады, сондықтан осы алаңда Халықаралық зерттеу орталығын құру идеясы дүниеге келді. 2014 жылдың 23 қыркүйегінде Венада өткен МАГАТЭ-нің Бас конференциясының 58-сессиясында Халықаралық зерттеу орталығының құрылуына байланысты ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың даму келешегіне арналған брифинг өтті. Негізінде «Росатом» әлемдік әріптестеріне айрықша ұсыныс жасаған болатын, яғни озық талаптарға сай инновациялық реакторлар концепциясына бағытталған өзекті ғылыми мәселелерді шешетін зерттеу инфрақұрылымын жасауға қатысу. Біз қазақстандық әріптестерімізді де осы жобаға өз үлесін қосуға шақырдық. – Жылдам нейтронды көпсалалық зерттеу реакторлары қандай болмақ және не үшін қолданылады? – Болашақта салынатын Көпсалалық зерттеу реакторының қуаттылығы – 150 МВт. Бұл қазіргі таңда дүниежүзі бойынша ең жылдам зерттеу реакторы – БОРа-60-тың қуаттылығынан 205 есе көп. Бұл құрылғы жарты ғасыр бұрын жасалған. Нейтрондардың ең жоғары ағымы  5.3·1015 н/(см2·с). Жаңа реакторлық зерттеу құрылғысының суытатын тәуелсіз екі жібі болады, сондай-ақ белсенді аймақта құрал-сайман жәшіктері болады. Инновациялық ядро-энергетикалық жаңа құрылғылар жасауда орталық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды қамтамасыз ете алады. Мәселен, радиацияның заттарға әсерін тексеріп, тазартуға көмектеседі. Сонымен қатар құрастырғыш, жағармай материалдарын дайындау құрылғыларын жасауға қолданылады. Ал нейтронның көмегімен реакторлық сәулелендіру жұмыстарын жүргізеді. Радиоизотоп пен физика-механикалық қасиеттері өзгерген заттар жасауды жүзеге асырады. Ал ең бастысы, жылу мен электр энергиясын алуда таптырмас құрылғы.  Бұл жобаның жалпы ауқымына назар салсақ, Халықаралық Ғарыш станциясы немесе Үлкен адронды коллайдермен шамалас алып жоба болмақ. – Халықаралық реакторлық зерттеу орталығы қазақстандық ғалымдар мен атом мамандарына не ұсына алады? – Курчатов қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында қазақстандық әріптестерімізбен келіссөз жүргіздік, сонда бұл жобаға қызығушылық байқалды. Жоғарыда атап өткендей, реакторлық орталықтың қолданыс аясы кең, ал Қазақстанда атомның түрлі саласы бойынша мүмкіндіктері жоғары. Мысалы, Қазақстанның Ақтау қаласында көп жылдар бойы суды тұщыту үшін жылдам нейтронды БН-350 қолданылады. Сондай-ақ радиациялық экология мониторингі бойынша озық бастамалар бар. Көпсалалық реактор орталығында жүргізілетін жұмыстың бағытын қазақстандық әріптестер өздері таңдайды. Осы орайда біз жеке бағдарламалар ұсынып отырмыз, оның ішінде екі немесе одан да көп тараптар қатысқан ғылыми бағдарламалар бар. Ол арқылы тәжірибе алмасу үздіксіз жүріп отырады. Маусым айында Димитровградта 8 мемлекеттің қатысуымен көпсалалы реакторлық зерттеу орталығын жүзеге асырудың алғышарттарына арналған халықаралық семинар өтті. – Бұл жоба бұрын-соңды болмаған екен, оның басқалардан ерекшелігі неде? Реакторлық зерттеу орталықтарының шетелдік бәсекелестері бар шығар...  – Жалпы, әлемде дәл мұндай орталық жоқ. Қытайдағы CEFR – зерттеу орталығына қарағанда көрсету тақтайшасына көбірек ұқсайды. Ал Үндістандағы FBTR – ұлттық бағдарлама негізінде ғана жұмыс жасайды, яғни шетелдік әріптестерге есігі жабық. Жапондық JOYO мен Monju жылдам реакторларының жұмысы тоқтатылған, болашақта жұмыс жасау-жасамауы белгісіз. Америкалық FFTF жұмысы біржола тоқтатылды. Ресейде жаңа реактор құрылысы басталса, жаңа технологиялық зерттеулерге жол ашады және әлем мемлекеттерімен бірлескен жоба болмақшы. Осы жобаға атсалыса отырып, шетелдік әріптестер жаңа құрылғыға қол жеткізеді, ең бастысы, өз шығындарын азайтады. Нақтырақ айтқанда, Халықаралық зерттеу орталығында шетелдік әріптестер шығынды да, тәуекелді де, тіпті зерттеулер нәтижесін де тең бөліседі. – Сұхбатыңызға рахмет!

Серіктес жаңалықтары