Ауыл тұрғындарын ұмытып кетпеуіміз керек – Мемлекет басшысы

Ауыл тұрғындарын ұмытып кетпеуіміз керек – Мемлекет басшысы

Ауыл тұрғындарын ұмытып кетпеуіміз керек – Мемлекет басшысы
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралу ахуалы жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Президент қалалардағы ахуалды тұрақтандырамыз деп, ауыл тұрғындарын ұмытып кетпеуіміз керек екенін атап өтті. Өйткені халқымыздың жартысына жуығы ауылдық жерлерде тұрады. Бүгінде ауылдағы азаматтар үшін диагностика және емдеу шаралары қол жетімді емес екенін айта келе, Қасым-Жомарт Тоқаев оларға қарапайым дәрі-дәрмектің жетпей жатқанына тоқталды. – Ауыл-аймақтарда медицина кадрларының тапшылығы және қажетті инфрақұрылымның жоқтығы жығылғанға жұдырық болып отыр. Үкімет 2300 әмбебап мобильді бригаданың жасақталғанын баяндады. Алайда олар, негізінен, қала тұрғындарына ғана қызмет көрсетеді. Ауылды назардан тыс қалдыруға болмайды! Үкіметке өңірлермен бірлесіп, барынша қысқа мерзімде ауылдарды диагностика және емдеу ісімен, сондай-ақ, қажетті дәрі-дәрмекпен, медициналық құрылғылармен қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді Президент.