Карантин: Өзбекстанда көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады

Карантин: Өзбекстанда көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады

Карантин: Өзбекстанда көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады
ашық дереккөзі
Өзбекстанда карантин күшейтіледі. Республикалық арнайы комиссия осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды uznews.uz. Республикалық арнайы комиссияның шешіміне сәйкес, 18-19 шілде және 25-26 шілде (сенбі және жексенбі) күндері көлік құралдарының, соның ішінде такси қызметтерінің қозғалысы толығымен тоқтайды. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметінше, бүгінде Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 12 706-ға жетті. Індеттен 57 адам көз жұмды. Айта кетейік, бұған дейін Ресейде қатерлі вирус жұқтырғандар саны 727 мыңнан асқанын хабарлағанбыз. Ал Қазақстанда соңғы тәулікте 1798 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Пандемия басталғалы елімізде 58 мыңнан астам адамнан індет анықталды.