9 Шілде, 18:56 1195 0 Экономика Анар ЛЕПЕСОВА

Келер жылы Алматыда 3 ірі жол айрығы салынады

Алматы әкімдігі бүгін жол-инфрақұрылымы жобалары туралы онлайн конференция өткізді. 

«Алматыда жалпы жолдың ұзындығы 3 096 км. Оның ішінде сапасы жақсы жолдардың үлесі салмағы 2019 жылы 75 %-ға жеткізілді. Барлығы 2 322 км болды. Алматы әкімінің тапсырмасымен 2020 жылы бұл көрсеткішті 80%-ға жеткізу көзделген», - деді Қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан.

2019 жылы қаланың даму жоспарына сәйкес Т.Рысқұлов пен Құлжа тас жолы жол айрығы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Сүйінбай даңғылының Хмельницкий мен Шолохов көшесі аралығындағы учаскесі қайта жөндеуден өтті.

2020 жылы 3 ірі жолайрығының: Т.Рысқұлов –Емцов, С.Сейфуллин даңғылы – І.Жансүгіров көшесі, Бұқтырма – Құлжа тас жолы нысандарының құрылысы аяқталады.

«Қазір Т.Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағында жол жабындысы төселіп жатыр. Ал солтүстігінде үйлер әлі сүріліп жатыр. Әлі бірнеше нысан толық тәркіленген жоқ. Бұл жұмыстар келесі жылы толық аяқталады», - деді Ернұр Абжахан.

С.Сейфуллин – І.Жансүгіров жол айрығында үйлер сүріліп жатыр. Биыл тоннельдер салынып, 2021 жылға қарай жұмыс толық аяқталады. Бұқтырма – Құлжа тас жолы жолайрығында да қала мен облыс территориясындағы жер учаскелерін тәркілеу жүріп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар