Тараз қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Тараз қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Тараз қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
Сәдубаев Алмас Қадырбекұлы Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы шаһар басшысының сайтында хабарланды. "Тараз қаласы әкімінің 2020 жылғы 8 шілдедегі №225ж/қ өкімімен Сәдубаев Алмас Қадырбекұлы Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды", - делінген құжат мәтінінде. Алмас Сәдубаев 1984 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген, білімі жоғары. 2005 жылы  М.Х.Дулати атындағы университеттін "Журналистика" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы "Қазақстан-Тараз" телеарнасының жаңалықтар бөлімінің редакторы болып бастаған. 2005-2008 жылдары, жаңалықтар бөлімінің редакторы, "Қазақстан ұлттық телеарнасы" АҚ PR-директоры; 2008-2010 жылдары республикалық "Заң" газеті және журналының бас редакторы; 2010 жылы- Жоғарғы сот төрағасының баспасөз хатшысы; 2010-2011 жылдары- президент әкімшілігінің сарапшысы; 2011-2015 жылдары "ҚР ІІБ Медиа орталығының" бас директоры, Ішкі істер министрінің баспасөз-хатшысы болған. Жаңа қызметіне дейін Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры лауазымын атқарып келген.