COVID-19: D және C дәрумендерінің пайдасы бар ма?

COVID-19: D және C дәрумендерінің пайдасы бар ма?

COVID-19: D және C дәрумендерінің пайдасы бар ма?
ашық дереккөзі
Бұл сауалға Астана медицина университеті балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, дәрігер-инфекционист Баян Тұрдалина жауап берді, – деп жазды ҚазАқпарат. «D және С дәрумендерін қолдану мөлшеріне қатысты айтар болсақ, олар, әрине, жалпы иммунитеттің жақсаруына, зат алмасу процесінің реттелуіне көмектесетін бірден-бір дәрумен саналады. Ал дәл коронавирус инфекциясы кезінде бұл дәрумендердің пайдалы әсері бар дейтіндей дәлел жоқ. Иммунитетті көтеру үшін бұл дәрумендерді барынша көп ішу қажет деген пікір де халық арасында болмауы тиіс», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. Осы орайда инфекционист-дәрігер аталмыш витаминдерді коронавирус кезінде көптеп пайдалануға қатысты айтты. «Сондықтан бұл дәрумендерді көп мөлшерде пайдаланудың еш қажеті жоқ. D дәруменін де, С дәруменін де балалар жасы мен салмағына, ал ересектер белгіленген мөлшерге байланысты ішулері қажет», – деді Баян Тұрдалина.