Алқалы жиын аясында Халықаралық Түркі академиясы Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша дайындап шығарған “Домбыра” оқу құралының тұсаукесер рәсімі өтті. Өскелең ұрпаққа арналған оқулықтың авторы белгілі күйші, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры – Жанғали Жүзбаев.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылдың 7 маусымында «Ұлттық домбыра күні» мерекесінде «Домбыраны арнайы пән ретінде мектептерге енгізу керектігі жөніндегі пікірі жарияланған болатын. Осыған орай жалпы білім беретін мектептерде қасиетті аспабымызды оқыту жұмыстары қарқын алып, «Домбыра» пәніне арналған оқу құралына қажеттілік туындады. Аталған оқу құралын өткен жылдың қараша айында Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында «Домбыра» оқу құралының жобасын таныстырған еді.