Алматы қалалық Полиция департаменті демалыс күндері шектеу шаралары болатынын ескертті. «Көшеде азаматтардың көп жүретін жерлер, саябақтар, алаңдар, өзен жағалаулары, сауда және ойын-сауық орталықтарын күзетуге көңіл бөлінеді. Бұл нысандар – жабық. Сонымен қатар, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Пандемия қаупінің қаншалықты маңызды екенін оның таралу дәрежесін әркім білуі және коронавирустық инфекцияға қарсы тұрудағы біздің жауапкершілігімізді білу өте маңызды. Санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң сақтауды, медициналық бетперде киюді және әлеуметтік қашықтықты ұстауды ескертеміз», – деді Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.
Жүктелуде...