Биыл қандастар 24 ЖОО-ның дайындық бөлімінде оқиды

Биыл қандастар 24 ЖОО-ның дайындық бөлімінде оқиды

Биыл қандастар 24 ЖОО-ның дайындық бөлімінде оқиды
ашық дереккөзі
324
Қазақстан Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 150 бұйрығына сәйкес, білім беру бағдарламалары топтарының бөлінісінде 2020-2021 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшесі "Отандастар қоры" білім бағытының жауапты қызметкері Н. Жұмағазиев қатысты.
Жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруда 40 ЖОО оқу орыны тапсырыс беріп, белгіленген тәртіпке сай 24 ЖОО өтті. Жалпы этникалық қазақтарға дайындық бөліміне 1300 орын бөлінген болатын.
Дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысының конкурсына арнайы білім беретін ЖОО-ларды тарту, яғни агротехникалық, ауылшаруашылық салалары бойынша "Отандастар қоры" тарапынан ұсынылды және Комиссия мүшелері толық қолдады.

Серіктес жаңалықтары