Мұнай бағасы тағы құлдырады

Мұнай бағасы тағы құлдырады

Мұнай бағасы тағы құлдырады
ашық дереккөзі
Brent маркалы мұнай баррелінің құны 38 доллардан да төмен түсті. Бұл өткен саудадағы бағадан 9,1% төмен.  ТАСС агенттігінің хабарлауынша, тамыз айында жеткізілетін Brent мұнайы фьючерстерінің Лондондағы ICE биржасындағы бағасы барреліне 37,94 долларға дейін түсіп кетті. Бұл мұның алдындағы саудадағы бағадан 9,1% төмен. WTI маркалы мұнайдың құны да 10,3% арзандап, баррелі 35,68 доллардан саудалануда. Мәскеу уақытымен сағат 19:45-те Brent мұнайының құны біраз өзгеріп, $38,34 дейін жетті, яғни арзандау көрсеткіші - 8,1%. Ал WTI мұнайының баррелі - $36,24 болды (-8,9%).