Тастанды балалардың 70 пайызы – қазақ

Сондай-ақ!

Ауыл мұғалімі сыйға берілген 1 000 000 АҚШ долларын әріптестеріне бөліп берді

Үндістандық мұғалім Ранджитсингх Дисейл жыл сайын ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен өтетін «Global Teacher Prize 2020» сайысында жеңіске жетіп, 1 000 000 АҚШ долларын иеленді. Онлайн режимде...

Біз кездескен емеспіз: Балжан Бидаш актер Жаханға тұрмысқа шықты

Бұған дейін бұл жұп бірнеше вайн түсіріп, желі қолданушыларының оң бағасын алып жүрген еді. Әнші мен актердің кездесіп жүргенін болжағандар табылды. Алайда Балжан Бидаш бұл...

Қазақстанмен шекара аймақта шошқа обасының өршуі тіркелді

Қазақстанмен шекара Ресейдің Омбы облысында африкалық шошқа обасының өршуі тіркелді. Сол себепті жұқтыру қаупіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысында ветеринариялық-санитариялық бақылау күшейтілді, деп хабарлайды AstanaTV. Қазақстанға...

Ашаршылық алдында тұрған адамдардың саны 270 миллионға жетті

2021 жылы әлем соңғы 75 жылдағы ең ауыр гуманитарлық дағдарысқа тап болуы мүмкін. Бұл туралы БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (ҰҚЖ) директоры Дэвид Бизли мәлімдеді,...

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мерекені әлем елдері 70 жылдан астам атап өтіп келеді.

ҚазАқпарат тілшісі айтулы мереке қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы мамандандырылған балалар үйі директорының орынбасары Анаргүл Смағұловамен тілдескен болатын.

«Елордадағы мамандандырылған балалар үйі 1933 жылы ашылған, 90 жылға жуық тарихы бар. Басында бір қабатты етіп ағаштан тұрғызған. 1987 жылы мамандандырылған балалар үйі деп атауы өзгертілді. Себебі бұл жерге сау сәбилерден бөлек, денсаулығында ақауы бар немесе туа біткен кемістігі бар балалар да қабылдана бастады. Қазіргі уақытта орталықта 50-ден астам сәби бар. Олардың жас шамалары – 0-4 жас арасы. Және бізде 100-ден астам қызметкер еңбек етеді», – деді Анаргүл Смағұлова.

Оның айтуынша, балалар үйінде тек тұл жетім сәбилер ғана емес, сонымен қатар ата-анасы бар балалар да тәрбиеленуде.

«Кейбір ата-аналар әлеуметтік жағдайының төмендігінен отбасын асырау мүмкіндігі болмағандықтан, балаларын біздің орталыққа әкеледі. Олардың ішінде отбасылық жағдайы түзелген соң, балаларын қайта әкететін ата-аналар бар, ал кейбірі қайтып оралмайды. Ондай жағдайда біз ата-анасын іздестіреміз, ал одан нәтиже шықпаған жағдайда құзырлы органдарға хабарлаймыз. Біздің орталықта балалар 4 жасқа дейін болады, одан кейін ересек балалар үйіне, ал ерекше күтімді қажет ететін балалар арнайы орталықтарға жіберіледі, біздегі балалардың 20 пайызы мүгедек немесе ерекше күтімді қажет етеді», – дейді ол.

Одан әрі балалар үйі басшысының орынбасары сәби асырап алуға қатысты әңгіме өрбітті.

«Соңғы жылдары балаларды тек қазақстандық отбасылар асырап алуда. Өкінішке қарай, тастанды балалардың көбісі өзіміздің қазақ ұлтынан. Атап айтсақ, біздегі балалардың 70 пайызы қазақтың қаракөздері. Жыл сайын 30-дан астам баланы отандастарымыз өз бауырына басады, ал былтыр 34 баланы асырап алды. Біздегі әр баланың тағдыры әртүрлі: бірін тастап кетсе, екіншісін ата-анасы асырай алмағандықтан осында әкелуге мәжбүр болған. Осы орайда біздің мамандар оларға ана орнына ана, әке орнына әке болып, жан-жылуларын аямайды. Мамандандырылған балалар үйінде барлығына бірдей тиісті жағдай жасалған, ешқайсысы назардан тыс қалмайды. Сонымен қатар, бала тәрбиесі мен күтіміне қажетті мамандардың барлығы бар», – деді А. Смағұлова.

Маманның мәлімдеуінше, елдегі төтенше жағдайға байланысты балалар үйінде жұмыс кестесі өзгеріп, санитарлық шаралар қатаңдатылған.

«Карантиннің алғашқы күнінен бастап, арнайы бекітілген қаулының негізінде барлық талартарды сақтай отырып жұмыс істеудеміз. Балаларын уақытша әкелген ата-аналар бізге телефон шалып немесе видео байланыс арқылы балаларының жағдайын қадағалауда. Бүгін мереке болғандықтан, санитарлық ережелерді сақтай отырып, балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырудамыз. Онда балалар ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға салады. Соңында естелік суретке түсіп, тәттілер таратылатын болады», – деді ол.

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған ұшақ көлікпен соқтығысты (видео)

АҚШ-тың Миннесота штатында ұшақ көлікке соғылды, деп хабарлайды BBC агенттігі. Қозғалтқыштың істен шығуына...

Ауыл мұғалімі сыйға берілген 1 000 000 АҚШ долларын әріптестеріне бөліп берді

Үндістандық мұғалім Ранджитсингх Дисейл жыл сайын ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен өтетін «Global Teacher Prize...
Балжан Бидаш

Біз кездескен емеспіз: Балжан Бидаш актер Жаханға тұрмысқа шықты

Бұған дейін бұл жұп бірнеше вайн түсіріп, желі қолданушыларының оң бағасын алып жүрген...
шошқа обасы

Қазақстанмен шекара аймақта шошқа обасының өршуі тіркелді

Қазақстанмен шекара Ресейдің Омбы облысында африкалық шошқа обасының өршуі тіркелді. Сол себепті...
ашаршылық

Ашаршылық алдында тұрған адамдардың саны 270 миллионға жетті

2021 жылы әлем соңғы 75 жылдағы ең ауыр гуманитарлық дағдарысқа тап болуы...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...