ҰБТ кезінде шпаргалка қолданғандар сынақтан біржола шеттетіледі

ҰБТ кезінде шпаргалка қолданғандар сынақтан біржола шеттетіледі

ҰБТ кезінде шпаргалка қолданғандар сынақтан біржола шеттетіледі
ашық дереккөзі
296
ҰБТ кезінде шпаргалкамен ұсталғандар сынақтан шеттетіліп, қайта тапсыру мүмкіндігінен айрылады. Бұл туралы Алматы қалалық  білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнара Ермекбаева мәлімдеді.  «ҰБТ өткізуді арнайы мониторинг тобының мүшелері бақылайтын болады. Артық ақпарат алуға болатын заттар, смартфондар, шпаргалкалар табылған жағдайда оқушы тестілеуден автоматы түрде алынады. Тіпті одан кейін ақылы түрде тапсыруға да рұқсат берілмейді», - деді департамент басшысы. Гүлнара Ермекбаеваның айтуынша, биыл Алматыда ҰБТ-ға 14 972 талапкер қатысады. Оның 9044-і мектеп түлектері болса, қалғаны – орта кәсіптік білім беру орындарының бітірушілері. Сондай-ақ, департамент басшысы мектеп бітіргені туралы аттестат 3-4 маусымда мектеп қабырғасында тапсырылатынын атап өтті. Шараға ата-аналардың қатыспауына кеңес берді.  Айта кетейік, жуырда Білім және ғылым министрлігі биыл ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген мектеп бітірушілердің көрсеткіші жөнінен рекорд орнатылғанын мәлімдеді Республика бойынша 130 мыңнан астам адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген. Оның 20 454-і – колледж және өткен оқу жылдарының мектеп түлектері. Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысында ҰБТ-ға 18 634 түлек қатысатынын хабарлағанбыз.   

Серіктес жаңалықтары