27 Мамыр, 20:13 559 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Ішкі істер министрі ауруханаға келді – зардап шеккен полицейдің жағдайы ауыр

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы жағдайды жеке бақылауға алды. Бүгін ол жұмыс сапарымен қалаға арнайы келді, – деп жазды polisia.kz.

Министр №7 қалалық клиникалық ауруханада жатқан полиция қызметкері, аға лейтенант Ербұлан Сейдазымның жағдайын білуге барды. Апаттан соң дәрігерлер оған біріккен жарақат, бас сүйегінің жабық жарақаты, мидағы ауыр контузия, жақ сүйегінің эпидуральды қан кетуі диагнозын қойды. Зардап шеккен полицейге екі операция жасалды. Бас сүйегінің резекциялы трепанациясы және бас сүйек ішіндегі гематома алынды. Ерлан Тұрғымбаев дәрігерлер консилиумына қатысты.

Мамандардың айтуынша, пациенттің жағдайы ауыр, бірақ оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлермен әңгімелескеннен кейін министр полиция қызметкерінің тез сауығып кетуін тіледі.

Соңғы жаңалықтар