202
Nur Otan партиясы: Негізгі мақсатымыз – балаларды қорғау
Nur Otan партиясы: Негізгі мақсатымыз – балаларды қорғау
Nur Otan партиясы Отбасы, әйелдер мәселесі және балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің жұмыс тобы еліміздегі ең өзекті мәселелерді бұған дейін де бірнеше рет талқылаған болатын.
Соның ішінде Nur Otan партиясы жанындағы балалардың құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес төрағасының орынбасары Динара Закиева, сондай-ақ жауапты министрліктер, үкіметтік емес ұйымдар барлық проблеманы шешудің жолдарын қарастырған еді.
Партия жанындағы Отбасы, әйелдер мәселесі және балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес мүшелері еліміздегі шалғай елдімекендерді аралап, білім беру, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын тексеріп шықты. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар бірлесе жұмыс істеу арқылы тығырықтан шығудың тетіктерін қарастырды.
Көмекке зәру ана мен балаға, жағдайы төмен отбасыларға жан-жақты жағдай жасалады. Баланың құқығы туралы заң да қабылданды. Негізгі мақсатымыз – балаларды қорғау. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыстар жүзеге асырылады. Үкімет зорлау, қинау, зомбылық жасауды болдырмау мақсатында арнайы бағдарлама дайындап, мемлекеттік емес ұйымдармен бірігіп тұжырымдама жасап жатыр. Мақсат – билік пен мемлекеттік емес ұйымдармен бірігіп, балалардың әлеуметтік тұрмысын жақсарту, – деді Динара Закиева.
Отбасы, әйелдер мәселесі және балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің өңірлерге жүргізген тексеру қорытындысында анықталған келеңсіздіктердің 70 пайызы түзелді. Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады.
Айта кетейік, кеңестің мақсаты – отбасын қолдау, балалар құқығын қорғау үшін жүйелі іс-шараларды дайындап,жүзеге асыру.
Республикалық қоғамдық кеңестің жұмыс тобы партия, елдің күш-жігерін жұмылдыратын бірегей алаңға айналып отыр.