24 Мамыр, 11:27 777 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Мектеп бітірушілерге аттестат кезекпен беріледі

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Коронавирус індетінің таралуы салдарынан енгізілген карантиндік режим талаптарына байланысты елімізде мектеп бітірушілерге аттестат кезекпен беріледі.

Ақмола облысы Білім басқармасының мәліметінше, өңірде мектеп бітіруші түлектердің соңғы қоңырау салтанатын аттестат тапсыру рәсімімен бірге 3-4 маусым аралығында өткізу жоспарланған.

«Карантин талаптарына байланысты әрбір 11-сыныптың мерекелік шарасына 40 минут уақыт белгіленіп отыр. Мәселен, бір мектепте үш 11-сынып болса, олардың әрқайсысы өз сыныбымен және ата-аналарының қатысуымен бұл шараны бөлек, мектептің ауласында немесе спорт залында өткізеді. Сонымен бірге, салтанатты шара барысында 1,5 метр арақашықтық сақталуы тиіс, яғни, мектеп әкімшілігі әлеуметтік арақашықтықтың сақталуына мән беруі тиіс», – дейді ведомстводан.

Биыл Ақмола облысында 4515 оқушы мектеп бітіретін болса, оның 297-і – Алтын белгі иегері, 187-і – білім ордасын үздік аттестатпен аяқтағалы отыр.

Соңғы жаңалықтар