«Отандастар» қорының ұйымдастыруымен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қолдау» АҚ мен қандас кәсіпкерлер арасында кездесу өтті.
Іс-шараға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» Кредиттеу департаменті директорының орынбасары Армат Байзаков, «Аграрлық несие корпорациясының» Мониторинг департаментінің менеджерi Аслан Тұранов және 20-ға жуық қандас кәсіпкерлер қатысты.
