19 Мамыр, 19:05 377 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

COVID-19: республика бойынша 9 мыңнан астам адам карантинде жатыр

Cурет ғаламтордан алынды
Cурет ғаламтордан алынды

Республика бойынша коронавирус инфекциясының таралу қаупін болдырмау мақсатында стационар мен үй карантинін қоса есептегенде жалпы 9 мыңнан астам адам карантинде жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты.

«Стационарлық карантинде еліміз бойынша 3 мыңнан астам, ал үй карантинінде 6 мың адам бар. Стационарда адамдар тәулік бойы дәрігер мен мейірбикенің бақылауында болады. Осы орайда хаттамаға сәйкес, дене қызуы өлшеніп, препараттар беріледі. Үй карантиніндегі адамдар арнайы форманы толтырып, карантин тәртібін бұзғаны үшін белгіленген жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертіледі. Сонымен қатар, тазалық шараларын жүргізу, бөлмені желдету және басқа да қажетті ережелер түсіндіріледі», – деді вице-министр онлайн тәртіпте өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Людмила Бюрабекова Қазақстанда коронавируспен қайта ауырғандар тіркелмегенін жеткізді. Сонымен қатар, ол күзде коронавирустың екінші толқыны келсе, карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар