265
Тамара Дүйсенова ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды
Тамара Дүйсенова ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды
Тамара Дүйсенова ҚР Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Т.Дүйсенованы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындау туралы
Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 5 мамыр
№ 327
Айта кетейік, осыған дейін аталмыш лауазымды атқарып келген Аида Балаева ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды.