Мыңнан астам студенттің оқу ақысын төлеу мерзімі ұзартылды

Мыңнан астам студенттің оқу ақысын төлеу мерзімі ұзартылды

Мыңнан астам студенттің оқу ақысын төлеу мерзімі ұзартылды
ашық дереккөзі
269
Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мәлім еткендей, қазіргі уақытта колледждер Platonus, Google Classroom, Edupage платформалары бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Оқу процесі белгіленген оқу жүктемесіне, оқу жұмыс жоспарына, оқу бағдарламаларына, сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. «Білім алушыларға мемлекеттік стипендия ай сайын төленуде және төлем карточкаларына тамақтану үшін ақша аударылуда. Колледждердің 22661 студенттің басқа қалада тұратын 9172-і (40,5 пайызы) тұрғылықты жеріне жіберілді. Бүгінгі таңда колледждердің жатақханасында жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған 50 студент қалып, оқуларын жалғастыруда. Басқарма тарапынан ол балаларға әлеуметтік көмек көрсетіліп жатыр», – деді Шолпан Қадырова бүгін өткен баспасөз мәслихатында. Басқарма басшысының айтуынша оқу құны мамандық түріне байланысты жылына 320 мың теңгеге дейінгі қаражатты құрайды. «Оқу ақысын төлей алмайтын студенттердің жалпы саны 1015 адамды құрады. Бүгінгі таңда колледж әкімшілігіне өтініш білдірген барлық студентке оқу ақысын төлеу мерзімі ағымдағы жылдың тамыз айына дейін ұзартылды», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары