408
Ертеңнен бастап 30 мыңнан астам адам жұмысқа шығады
Ертеңнен бастап 30 мыңнан астам адам жұмысқа шығады

Павлодарда 4 мамырдан бастап 30 мыңнан астам адам жұмысына оралады.
«Жақын арада карантинді жеңілдетудің екінші кезеңі басталады. Сіздердің көпшілігіңіз оны күттіңіздер, кейбір нысандардың ашылу мерзімі туралы сұрадыңыздар. Мен сіздерге 4 мамырдан бастап Павлодар облысының 30 мың тұрғыны жұмысына оралып, өз бизнесін қайта жандандыратынын қуанышпен мәлімдеймін», – деп жазды обылс әкімі Әбілқайыр Сқақов Facebook парақшасында.
Сонымен, дүйсенбіден бастап қысқартылған жұмыс күні және алдын ала жазылу бойынша мына нысандар жұмысын бастайды:
- Медицина және оптика орталықтары;
- Сұлулық салондары;
- Аумағы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік сатпайтын дүкендер; Ақпараттық байланыс технологиялары орталықтары, жарнама, жылжымайтын мүлік, қойма және логистика саласындағы компаниялар;
- Адвокаттар мен нотариустар;
- Кішігірім қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар мен и айырбастау пунктері;
- Сурет салондары, гүл сататын дүңгіршектер және басқалар. ⠀