Қостанай облысында 21 мың адам коммуналдық өтемақы алуға өтінім берген

Қостанай облысында 21 мың адам коммуналдық өтемақы алуға өтінім берген

Қостанай облысында  21 мың адам коммуналдық өтемақы алуға өтінім берген
ашық дереккөзі
388
Қостанай облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дәурен Асқаровтың айтуынша, 30 сәуірдегі ақпарат бойынша халықтан коммуналдық қызмет ақысын алуға 21 мың өтінім түскен. «Оның ішінде 726 өтінім талапқа сай келмеуіне байланысты қабылданбады. 3200 өтінім мақұлданған. Қалған бөлігі әзірге қарастырылып жатыр. Коммуналдық қызмет өтемақысын алуға өтініш бергендердің 80 пайызы – облыс орталығының тұрғындары», – делінген өңірлік коммуникациялар қызметінің Facebook парақшасында. Жалпы облыста осындай санатқа жататын 50,5 мыңнан астам тұрғын бар.  

Серіктес жаңалықтары