339
Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдай департаменті ескерту жариялады
Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдай департаменті ескерту жариялады

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдай департаменті елордада ауа-райының күрт салқындауына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлады.
Қазгидрометтің дерегі бойынша, елордада 3 мамыр күні күндіз найзағай соғып, оңтүстік батыстан тұрған жел, солтүстік батысқа ауысады, күндіз жел екпіні 15-18 м/с.
4 мамыр күні түнде жаңбыр, қар жауады, солтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-18 м/с жетеді.
4-5 мамырда түнде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді.