813
Өзбекстанда ЖОО түлектерінің бітіру кеші онлайн форматта өтеді
Өзбекстанда ЖОО түлектерінің бітіру кеші онлайн форматта өтеді
Коронавирусқа байланысты Өзбекстанда жоғары оқу орны түлектерінің бітіру кеші онлайн форматта өтеді. 30 сәуірде оқу жылын аяқтау мәселесі бойынша өткен отырыста президент Шавкат Мирзияев осылай деп мәлімдеді, деп жазады Азаттық.
Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу кезінде білім беру мекемелеріне құжат қабылдау жүйесін жетілдіру, құжаттарды қашықтан тапсыру мүмкіндігін қарастыру сияқты мәселелер талқыланған. Қоғамға жаңа өзгерістер қосымша хабарланатыны да айтылды.
Мирзияев шенеуніктерге биыл оқу орнына қабылдау емтиханын жеңілдетілген форматта өткізуді тапсырған.
Коронавирус жұқтырғандар саны жағынан Өзбекстан Орталық Азия аймағында Қазақстаннан кейін екінші орында тұр. Соңғы мәлімет бойынша, мұнда 2039 адамнан коронавирус табылған. 9 адам қайтыс болған. 1133 адам жазылған.
Елде карантин 10 мамырға дейін ұзартылған. Бірақ билік 30 маусымға дейін халықаралық рейстерді қабылдауға тыйым салған.