219
Алматыда 1240 адамнан коронавирус анықталды
Алматыда 1240 адамнан коронавирус анықталды
Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1240 жағдайы тіркелді. Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, бүгін вирус жұқтырудың жаңа 90 жағдайы тіркелген.
Олардың барлығы вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар. Жаңа науқастармен байланыста болған барлық адамдар провизорлық госпитальдарға карантинге орналастырылды. Жұқпалы аурулар стационарларында 1103 адам емделіп жатыр. Екі адамның жай-күйі – өте ауыр, 26 адамда – ауыр, 218-інде ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында қанағаттанарлық.
Провизорлық госпитальдарда – 355, карантиндік оқшаулауда – 378, үйде карантинде 11846 адам бар.
Сонымен қатар, кеше Алматыда коронавирустық инфекциядан 12 адам жазылып шыққан. Оның ішінде 7-і Орталық қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының медицина қызметкерлері, 2-і Балалар қалалық клиникалық ауруханасының қызметкерлері, 1-і медициналық жедел жәрдем станциясының қызметкері, 1-і N32 қалалық емхананың қызметкері және біреуі вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған әйел.
"9 адамда екі жақты пневмония диагнозы болды, үш пациентте ауруы жеңіл түрде өтті. Олардың емделуі орташа есеппен 17-23 күнге созылды",- делінген басқарма хабарламасында.