326
Өткен тәулікте Қытайда бір-ақ адамнан коронавирус анықталды
Өткен тәулікте Қытайда бір-ақ адамнан коронавирус анықталды
Қытайда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 1 ғана дерегі тіркелді. Бұл туралы ҚХР-дың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады.
Комитеттің мәліметінше, жаңа тіркелген науқас – сырттан келген азамат. Елге вирусты сырттан тасымалдау деректерінің жалпы саны 1671-ге жетті. 464 науқас ем қабылдауда, 1207 адам емделіп шықты.
Эпидемия басталған уақыттан бері елде 82 875 адам қатерлі вирус жұқтырған. Олардың 77 685-і дертінен айықты. Қазіргі таңда Қытай ауруханаларында 557 адам емделуде. 37 адам ауыр халде жатыр. Індеттен 4642 адам көз жұмды.
Айта кетейік, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 3,4 млн адамнан асты. 1 080 156 адам емделіп шықса, дерті асқынған 239 566 қайтыс болды.
Ал Қазақстанда 3671 адамнан коронавирус індетін жұқтырды. 940 адам аурудан айықты, 25 адам көз жұмды.