Ө.Шөкеев Мақтааралдағы жағдайды әуеден бақылады (видео)

Ө.Шөкеев Мақтааралдағы жағдайды әуеден бақылады (видео)

Ө.Шөкеев Мақтааралдағы жағдайды әуеден бақылады (видео)
ашық дереккөзі
313
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалыптасқан төтенше жағдайды облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев әуеден бақылап көрді. Аймақ басшысы облыстық ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісовпен бірге қауіптің алдын алу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазір енді Өзбекстан министрінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, су басқан өңірдің барлығын қайтадан аралап, көріп шығамыз. Егер тағы су басу қаупі болмаса, ондағы барлық тұрғын үйлерді полиция қорғайды. Әзірге тұрғындардың малы қауіпті аймақтан түгел шығарылды. Ешқандай шығын жоқ. Барлығы ұйымдасқан түрде реттеліп, өз қалпына келеді. Бұл - жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай. Сондықтан бұл жерде Арыстағы тәжірибеге сай алгоритмде жұмыс істейміз. Бәрі ұйымдасқан түрде реттеледі, қалпына келеді. Бұл төтенше жағдайды игеруге облыстың толық мүмкіншілігі бар»,- деді Өмірзақ Шөкеев. https://www.youtube.com/watch?v=oHbGZIYXkPw&feature=emb_logo

Серіктес жаңалықтары