219
Түркістан облысы: Су астында қалған ауылдардан 5400 адам көшірілді
Түркістан облысы: Су астында қалған ауылдардан 5400 адам көшірілді
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су басқан елді мекендерден тұрғындарды көшіруге 450 полицей жұмылдырылды.
Халықты эвакуациялау үшін Мақтаарал, Жетісай және Сарыағаш АПБ жеке құрамы мен Ұлттық ұланнан 250 әскери атсалысты, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Мырзакент кентіндегі №4 мектепте 2200 адамға арналған эвакопункт дайындалған. Техногендік төтенше жағдай орын алған аумаққа Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков те арнайы келді.
Қазіргі уақытта оқиға орнынан 5400 тұрғын эвакуацияланған. Кейбіреулері өздері көшіп, басқаларға көмек көрсеткен. Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп, басқа да қажетті шаралар қабылдауда.