Қ.Тоқаев әлем елдері басшыларының қайсысымен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты

Қ.Тоқаев әлем елдері басшыларының қайсысымен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты

Қ.Тоқаев әлем елдері басшыларының қайсысымен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты
ашық дереккөзі
215
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «МИР» телеарнасына берген сұхбаты барысында өз әріптестері  – әлем елдері басшыларымен қарым-қатынасы жайлы айтып берді.  «Бірнеше тіл білу - бұл қажеттілік деп санаймын. Президенттердің, Мемлекет басшыларының біреуін бөле-жара қарамас едім. Түсінікті себептерге байланысты конструктивті, адами тұрғыда Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен жанға жайлы сұхбат болатындығы түсінікті. Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен де өте жақсы сөйлесеміз. Көршілес мемлекеттердің басшылары - Өзбекстан, Тәжікстан Президенттерімен де жақсы қарым-қатынастамын. Таяуда ғана Беларусь Президенті сапармен келіп кетті. Сондықтан көшбасшылар арасындағы қарым-қатынас жолында ешқандай кедергі жоқ деп ойлаймын», - деді ҚР Президенті. Фрэнк Смиттің «Бір тіл сізді өмір дәлізіне алып келсе, екі тіл сол жолдағы барлық есікті ашады» деген сөзін тілге тиек еткен Президент тіл меңгеру арқылы көп түйткілдің түйінін тарқатуға болатынын жеткізді. «Халықаралық деңгейдегі саясаткер кез келген әңгімелесушісімен ортақ тіл табыса алуы тиістігіне сенімдімін. Себебі, мұны саяси әдеп ережесі ғана емес, оның мемлекетінің мүддесі де талап етеді. Өзге мемлекеттің тілін, мәдениетін, тарихын білу тіл табысуға, сұхбаттасушының ұстанымын, оның қағидасын түсінуге, ал бұл өз кезегінде өзара түсіністікке, тіпті күрделі келіссөздер барысында ымыраға келуге мүмкіндік береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Серіктес жаңалықтары