259
Оралда коронавирус жұқтырғандар ауруханадан кетіп қалмақ болған
Оралда коронавирус жұқтырғандар ауруханадан кетіп қалмақ болған
Оралда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан науқастар үйге қайтаруларын талап еткен. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 1 мамыр күні шамамен сағат 14.15-те болған. Отыздай адам емдеу мекемесінің ауласына шығып, өз беттерімен кетіп қалғысы келген. Бәріне COVID-19 диагнозы қойылғанына қарамастан, өздерінде ауру белгілері байқалмайтынын мәлімдеген.
"Медицина қызметкерлерінің талабына бағынбағаннан кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Түсінік жұмыстары жүргізілгеннен соң сағат 14.45-те барлық емделушілер палаталарына тарады. Қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ", - делінген департамент мәліметінде.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі жағдайдың қалыпқа келгенін, көп ұзамай облыстық денсаулық сақтау басқармасы да мәлімет беретінін жеткізді.