Алматы облысында 3-сынып оқушысы коронавирус жұқтырды

Алматы облысында 3-сынып оқушысы коронавирус жұқтырды

Алматы облысында 3-сынып оқушысы коронавирус жұқтырды
ашық дереккөзі
Алматы облысының Жамбыл ауданында Covid-19 инфекциясының 3 жағдайы тіркелді.  Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, Жамбыл ауданының 3-сынып оқушысы Алматы қаласындағы науқастардың бірімен байланыста болған. Ал, кербұлақтық 2003 жылы туған жасөспірім бұған дейін осы ауданда сырқаттанған туысымен тікелей байланыста болған. "1989 жылы туған жаркенттік азамат дене қызуы 37.3 С көтеріліп, медициналық көмекке жүгінген. Одан вирусологиялық анализ алу барысында оның коронавирус жұқтырғаны анықталған. Қазір олар тиісті ем қабылдауда", - делінген хабарламада. Науқастармен 39 адам байланыста болған, олардың барлығы карантинге алынды.