1 миллионнан астам масканы шекара асырмақ болғандар ұсталды

1 миллионнан астам масканы шекара асырмақ болғандар ұсталды

1 миллионнан астам масканы шекара асырмақ болғандар ұсталды
ашық дереккөзі
199

Қостанайда шекарадан заңсыз медициналық маска алып өтпек болғандар ұсталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 «2020 жылдың 1 мамырында Қостанай облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің департаменті «Қайрақ» автомобиль пунктінде 1 млн астам медициналық масканы заңсыз алып өтпек болған жүк көлігін ұстады», - делінген комитет хабарламасында.

 width=

Тәркіленген маскалардың сомасы шамамен, 118 млн теңгені құрап отыр. Күдіктілер жеке қорғаныс құралын халық тұтынатын тауарлардың арасына жасырған.

Серіктес жаңалықтары