312
Карантин: Жамбыл облысында балық аулап, саятшылық құрғандар жазаланды
Карантин: Жамбыл облысында балық аулап, саятшылық құрғандар жазаланды
Жамбыл облысында заңсыз балық аулау дерегі тыйылмай тұр.
Өңірде бір тәулік ішінде осындай 5 дерек тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Карантин кезінде саятшылық құрып, аңға шыққандар да бар. «Уылдырық» жедел алдын алу шарасы кезінде Қаратау қаласы мен Өрнек аулының 4 тұрғыны ұсталды. Олар Аса өзенінінің бойында заңсыз балық аулаған. Ал 39 жастағы Аса ауылының тұрғыны саятшылық құрып, аңға шыққан жерінен қолға түсті. Қазір заңға бағынбағандар жауапқа тартылып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ Мойынқұм ауданында тыйым салынған ауды пайдаланған адам жауапқа тартылды. Одан 100 келіге жуық балық тәркелініп, үстінен қылмыстық іс қозғалды.
– Жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілу кезеңінде 78 әкімшілік хаттама толтырылып, бір қылмыстық іс қозғалды. 805 мың көлемінде айыппұл салынып, 250 мың теңге көлемінде айыппұл өндірілді, - дейді облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлім бастығы Мақсат Мәдимаров.