Коронавирустан емес: Арқалықта көз жұмған қарияның өлім себебі анықталды

Коронавирустан емес: Арқалықта көз жұмған қарияның өлім себебі анықталды

Коронавирустан емес: Арқалықта көз жұмған қарияның өлім себебі анықталды
ашық дереккөзі
319
27 сәуір 2020 жылы Арқалық қаласындағы 84 жастағы пациенттің үйдегі өлім жағдайын зерттеу бойынша комиссия өткізілді. Зерттелген медициналық құжаттамаға сәйкес пациент 2020 жылдың наурыз айынан бастап тіркелген орны бойынша «артериалдық гипертония, 3 кезең, 3 тәуекел, гипертензивті энцефалопатия» диагнозымен Арқалық қалалық емханасында «Д» есепте тұрған. Соңғы екі айда негізгі ауру бойынша үйге бірнеше рет медициналық жедел жәрдем шақырулар жүзеге асырылғандығы анықталды, оған дәлел - медициналық ақпараттық жүйесі. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, сондай-ақ пациенттің жасын және созылмалы аурудың болуын ескере отырып, комиссия осы пациенттің өлімі жүрек-қан қызметінің жеткіліксіздігі аясында болды деген қорытындыға келді. Коронавирус инфекциясына оң нәтиже қосалқы ауру болып табылады.
 

Серіктес жаңалықтары