Дубайдан Алматы облысына тағы 168 адам жеткізіледі

Дубайдан Алматы облысына тағы 168 адам жеткізіледі

Дубайдан Алматы облысына тағы 168 адам жеткізіледі
ашық дереккөзі
278
Бүгін Дубайдан Алматы облысына 168 адам ұшып келеді. Олар Қапшағай қаласының маңындағы демалыс орындарының біріне екі күнге карантинге жатқызылады. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  Оларға демалыс орнының аумағынан тыс жерге шығуға тыйым салынады. Карантин кезінде барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етіледі. Ал олардың сыртқа шықпауын арнайы күзет бақылайды. Жолаушылардан облысқа келген бетте COVID-19 инфекциясына анализдер алынып, эпидемиологиялық тексерулер жасалады. Тексеру нәтижелеріне сәйкес арнайы автобустармен тұрғылықты жерлеріне жеткізіледі. Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанға БАӘ-нен 135 адам ұшақпен жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз. Олардан алынған сынама COVID-19 инфекциясына теріс нәтиже беріп, жолаушылар екі күндік карантиннен соң тұрғылықты жерлеріне арнайы көлікпен жеткізілген еді.  

Серіктес жаңалықтары