Министр мұқтаж отбасының пәтерақысын төлеп берген полицейді марапаттады

Министр мұқтаж отбасының пәтерақысын төлеп берген полицейді марапаттады

Министр мұқтаж отбасының пәтерақысын төлеп берген полицейді марапаттады
ашық дереккөзі
353
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мамыр айындағы мерекелер қарсаңында төтенше жағдай кезінде қызметте ерекшеленген 47 қызметкер мен әскерилерді марапаттады.  Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. "Марапатқа ие болғандардың қатарында Ақтөбе қаласының учаскелік полиция инспекторы Бақтияр Жақыпов та бар", – делінген хабарламада. Жақыпов ведомство басшысының арнайы бұйрығымен министрліктің құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, облыстық полиция басқармасы бастығының бұйрығымен оған екі лауазымдық жалақы мөлшеріндегі сыйақы тағайындалды. Айта кетейік, 23 сәуір күні Чекалин көшесіндегі жалдамалы пәтердің иелері жалға алушыларды үйінен шығаруға тырысып, учаскелік полиция қызметкерін шақырған. Екі жас баласы бар отбасының пәтер жалдау ақысын төлейтін ақшасы болмаған. Ал отағасы төтенше жағдайға байланысты жұмысынан айрылған. Учаскелік полиция инспекторы отбасының қиын жағдайға тап болғанын көріп, алдағы айдың пәтер жалдау ақысын өз қаражаты есебінен төлеп береді. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде кең таралып, кейіпкер көпшіліктің ықыласына бөленді. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев төтенше жағдай кезінде полицияның тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін мемлекет басшысы жоғары бағалайтынын атап өткен. Сонымен қатар, карантиндік шараларға қатысқан барлық қызметкерлер мен әскери қызметшілер лауазымдық жалақы мөлшерінде сыйақы алады. Жалпы алғанда барлығы 52 мыңнан астам қызметкер марапатталады.  

Серіктес жаңалықтары