Елордада коронавирус қашан бәсеңдейді – С.Қисықованың болжамы

Елордада коронавирус қашан бәсеңдейді – С.Қисықованың болжамы

Елордада коронавирус қашан бәсеңдейді – С.Қисықованың болжамы
ашық дереккөзі
319
Нұр-Сұлтанда мамыр айында коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеуі мүмкін. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың болжамы осындай.  «Елордада жағдай тұрақталып келеді. Мәселен кейінгі екі күнде айтарлықтай жұқтырғандар аз тіркелді. Бұл алдын алу жұмыстарының арқасы десек болады. Қазір қалда азаматтарды экспрес-тесттерден өткізіп жатырмыз. Егер жұқтырғандар анықталып жатса – ол дұрыс. Яғни, алдын алу жұмыстарын да бұл жағдайда тезірек жүргізе аламыз», - деді  басқарма басшысы Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі парақшасында берген сұхбатында. С.Қисықованың болжамынша, мамыр айында елордада індет бәсеңдеуі мүмкін. «Кейінгі тәулікте жұқтыру бойынша өсім 2,6 пайыздық деңгейде болды. Ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Коронавирус инфекциясы бәсеңдеп, азаматтарымыз тезірек қалыпты өмірге қайтып келер деген үміттеміз», - деді ол. Айта кетейік, соңғы дерек бойынша Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар саны 631-ге жетті. Ал республика бойынша 3273 адамнан коронавирус анықталды. Індеттен 832 адам айықты. Дерті асқынған 25 адам көз жұмды.  

Серіктес жаңалықтары