Карантин кезінде қандастармен онлайн байланыс арта түсті

Карантин кезінде қандастармен онлайн байланыс арта түсті

Карантин кезінде қандастармен онлайн байланыс арта түсті
ашық дереккөзі
Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы әлемнің 40-қа жуық елінде өмір сүріп жат­қан қандастарымызды  тұр­ғылықты жерінде мәдени ор­та­лықтар құруына ықпал жасау, же­тістікке жеткен азаматтарды елге тарту және жоғары білікті ма­мандарға уақытша жұмысқа келу мүмкіндігін қарастыруды тапсырған болатын. Осы орайда 2018 жылы Дүниежүзі қа­зақ­тарының қауым­дас­тығымен бір­лесе жұмыс істейтін «Отан­дас­тар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құ­рыл­ды. Ондағы мақсат – қан­дас­тардың мәселесін әкімшілік және министрліктермен бірлесе оты­рып шешу, оларға жан-жақты қолдау мен көмек беру. Бұл ретте Қа­зақстан Үкіметінің 2018 жылғы 18 мамыр күнгі №280 қаулысымен «Шетелдегі қазақтарды қолдаудың 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралары жоспары» да бекітілген. Осыған орай, «Отандастар қоры» қандастарға игі шараларды атқарып келеді. Соның бірі – Бірыңғай байланыс орталығы. Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде қандастарымызды қандай сұрақтар мазалады дегенді білу мақсатында  «Отандастар қоры» байланыс орталығының маманы Айша Үсеновамен сұхбаттасқан едік. – Байланыс орталығы ту­ра­лы ақпарат бере кет­сеңіз? – «Отандастар қорының» н­е­гіз­гі міндеттерінің бірі – Дүниежүзі қа­зақтарының қауымдастығымен бір­лесіп, ұрпақ қамымен тарихи Ота­нына біржолата қоныс аударып кел­г­ен  қандастардың жаңа ортаға бейім­делуіне құқықтық жағынан кеңес беру, тұрмыс-тіршілігін жақ­сар­тып, кәсіппен айналысуына кө­­мектесу. Сондай-ақ шетелдерде тұ­ратын қандастарға қолдау көр­се­туге бағытталған бірқатар жоба­лар­ды жүзеге асыруға септігін ти­гізу. Осыны ескере отырып, қан­­дас­та­рымыздың мәселесін жеңілдету мақсатында 2019 жылы сәуір айы­ның соңында Бірыңғай байланыс ор­талығы іске қосылды. Ол «Отан­дас­тар қоры» мен «Қазақтелеком» АҚ арасында жасалған әріптестік меморандум аясында жүзеге асты. Бұл шетелде тұратын қандастар үшін аса қуанышты әрі жағымды жаңалық болды. «Қазақтелеком» АҚ серіктес ретінде Байланыс ор­та­лығының операторларын ұсыну, байланыс телефон желілері мен жаңа технологияларды қолдануды қам­тамасыз етумен қатар қазақ­стан­дық ұялы операторлар нөмір­лері­нен ақысыз қоңырау шалуға мүмкіндік жаратып берді. Сонымен биыл 1404 нөмірлі Байланыс орта­лы­ғына 1 жыл толды. – Қандастарымыз Бай­ла­ныс орталығына қалай бай­ла­ныса алады? – Еліміздегі болсын, шетелдегі бол­сын кез келген қандасымыз Бай­ланыс орталығына хабарласа ала­ды. Ол үшін 1404 (ұялы қоңы­рау­лар үшін), 8-800-080-1404 (Қ­а­зақстан бойынша қоңыраулар үшін), 8 (7172) 981404 (Қазақстан жә­не шетелден шалынатын қоңы­раулар үшін) нөмірлері бойын­ша, сон­дай-ақ WhatsApp және Telegram мессенджерлері, Skype қоңы­рау­ларға арналған әлеуметтік желі бағ­дарламасының көмегімен ха­бар­ласуына болады. Осы байланыс құралдарына қоңырау шалған қан­дастарымыз туындаған сауал­дарына, өзіне кездескен түрлі мәсе­ле­леріне жауап ала алады. – Хабарласушыларды кө­бін­де қандай мәселе толған­дырады? – Мемлекет тапсырысы бойын­ша Байланыс орталығы интегра­ция­лық және бейімдеу қызметтерін көр­сету бойынша ақпаратты жи­нау және талдау, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, қандастарға кө­мек көрсету мен бағдарламалық құ­жаттарды әзірлеу мақсатында 20 мың сұрақ-жауапты қамтитын үлкен мәлімет базасын құрды. Қан­дас­тарды мемлекеттік қызметтерді ұсыну, «оралман» мәртебесін және Қазақстан азаматтығын алу, әлеу­мет­тік төлемдер мен жеңіл­дік­тер, мем­лекеттік көмек, балабақша, мектепке орналасу, сондай-ақ жұ­мыс­пен қамту, қандастарды қабыл­дау­дың өңірлік квотасы сияқты мә­селелер толғандырады. Осы­­­лар­дың әрқайсысына арнайы опе­ра­торлар жауап беріп, кеңес ұсынып, жүйелі жұмыс жүргізіп отыр. Байланыс орталығы туралы мәлі­мет­ті қандастарымыз тұратын 40-қа жуық мемлекеттегі Қазақстан ел­шіліктерінің веб сайттары мен әлеуметтік желілеріне жарияланды. Сондай-ақ олар жиі пайдаланатын Instagram, Facebook, Skype әлеу­мет­тік желілері мен БАҚ-та барынша толық ақпарат беріледі. Республи­ка­ның облыс, қала, аудан деңгейін­дегі 200-ге жуық әкімдігіне, 12 құ­зырлы министрлікке хат жі­бе­ріл­ген. Сондықтан қандастарымыз біз­дің Байланыс орталығы туралы ха­бардар және кез келген сәтте кө­мекке жүгіне алады. Елімізде бо­лып жатқан жаңалықтар мен же­тіс­тіктерді, іске асырылып жатқан кө­ші-қон саясатын және оның те­тіктерін сыртта жүрген қандас бауырларымызға толыққанды жә­не уақытында жеткізу мақсатында Қа­зақстан елшіліктері арқылы бел­сенді ақпараттандыру жұмысын жүр­гізіп келеміз. – Осы уақыт аралығында қан­ша қандасымыз хабар­ласты? – Байланыс орталығының бір жыл­ғы жұмысы барысында 1404 нө­міріне елге көшіп келген қан­дас­тарымыздан 2 000-ға жуық, шетел­ден (Еуропа, Ауғанстан, Қытай, Ресей, Моңғолия) 40 ауызша өтініш келіп түсті. WhatsApp, Telegram, Skype арқылы 320-дай хабарлама мен қоңырау келді. Біздің опе­ра­торлар дүйсенбі мен жұма арасын­да сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұ­мыс істейді. – Қазір әлемде және елі­міз­де жарияланған төтенше жағ­дай кезінде жұмыста­рыңыз қалай жүзеге асуда? – Қазіргі уақытта әлемде және елі­мізде төтенше жағдай жария­ла­нып, карантин режимі енгізілді. Осындай жағдайды ескере отырып, Дүниежүзі қазақтарының қауым­дастығы мен «Отандастар қоры­ның» Қандастарды ақпараттық қол­дау орталығы өз жұмысын он­лайн форматқа көшіріп, қашықтан қыз­мет көрсетіп жатыр. Төтенше жағдай жарияланғалы бері 1404 т­е­гін нөмірлі Байланыс орталы­ғына 336 қандасымыз қоңырау шалып, кеңес алған. Сұрақтардың ба­сым көпшілігі 42 500 теңге кө­леміндегі әлеуметтік көмек бойын­ша хабарласқан. Сондай-ақ қан­дас­тар ықтиярхат пен Қазақстан аза­маттығын алу мәселесі, жұмыспен қамту, білім гранттары, уақытша тір­­кеу және тағы басқа мәселелерге қа­тысты кеңестер алған. Осыған қо­­са аймақтарда жұмыс істеп жат­қан 9 фронт-офиске көмек сұ­рап жү­гінген қандастарымыз да аз емес.

Сұхбаттасқан Бақытбек ҚАДЫР