340
Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына жаңа басшы келді
Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына жаңа басшы келді
Алматы Орталық қалалық клиникалық аурухананың директоры ауысты. Қазір директордың міндетін уақытша Гүлнар Құлқаева атқарып жатыр, деп хабарлайды қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
«Төтенше жағдайға байланысты 24 сәуірден бастап «Орталық қалалық клиникалық аурухана» шаруашылық басқарудағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры міндетін уақытша Гүлнар Құлқаева атқарып жатыр. Гүлнар Құлқаева Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық жетекшісінің орынбасары болған. ҚР Еңбек туралы заңнамасына сәйкес үш жақты жазбаша келісімшарт арқылы Гүлнар Құлқаева директордың міндетін уақытша атқаруға іссапармен ауысты», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 15 күн бұрын аурухананы басқаруға Марат Абдуллаев тағайындалған болатын. Ол уақытша жұмыс істеу қабілетін жоғалтқандықтан жұмыстан шеттетілген.
Оған дейін аурухана кәсіпорнын басқарып келген Алмас Джувашев қызметкерлердің жаппай коронавирус жұқтыруына байланысты қызметінен кеткен болатын.