306
Апатқа ұшыраған МиГ-31 ұшағының ұшқыштары ауруханадан шықты
Апатқа ұшыраған МиГ-31 ұшағының ұшқыштары ауруханадан шықты
Қарағанды облысында МиГ-31 ұшағы апатынан жарақат алған ұшқыштар ауруханадан шықты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Басқарма мәліметінше, санитарлық авиациямен Х.Ж.Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізілген 2 ұшқыштың бірінің жағдайы қанағаттанарлық, екіншісінің жағдайы орташа ауырлықта болды. Науқастарға толық медициналық көмек көрсетілді. Денсаулықтары оңалған ұшқыштар ауруханадан шығарылды.
Еске сала кетейік, 16 сәуір күні Қарағандыға жақын маңда МиГ-31 әскери ұшағы құлады. Ұшақты подполковник А. Құрманғалиев пен подполковник И. Гаврилко басқарған.
Апатқа байланысты елімізде МиГ-31 ұшақтарының ұшуы уақытша тоқтатылды. Қорғаныс министрлігі мамандарынан құрылған комиссия апатты тексеріп, алдын алу жұмыстарын жүргізгеннен кейін МиГ-31 жойғыш ұшақтары қайтадан ұшырыла бастайды.