274
Бұдан былай жер теліміне қатысты 3 қызметті онлайн алуға болады
Бұдан былай жер теліміне қатысты 3 қызметті онлайн алуға болады
Жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау, жай-күйі туралы мәлімет алу және жобаланатын жер учаскесінің жоспарын келісуді eGov.kz порталында үйден шықпай-ақ алуға болады, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.
Аталмыш қызметтерді алу үшін пайдаланушы порталға кіріп, «Жылжымайтын мүлік» салымында үш қызметтің бірін таңдау қажет. Содан соң порталда көрсетілген қадамдық процеске сәйкес өтінімді авторландыруу және толтыру қажет.
Айта кету керек, кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және сапалық жағдайы туралы мәліметтерді учаскеңізге немесе Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі порталындағы электрондық жоспарда көрсетілген аумаққа да алуға болады.
«Біз негізгі мәліметтерді барынша қамтуға және өтінім беру процесін жеңілдетуге тырыстық. Пайдаланушы тек тізімнен бір тармақты таңдап, төлем жасап, қажетті құжаттарды салып, ЭЦҚ-мен қол қою қажет» - деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Көрсетілетін қызметті алу барысында өтініш берушінің қолданыстағы құқықтары тіркелген жер кадастрының ақпараттық жүйесі порталында электронды жоспарда көрсетілген барлық жер учаскесі мен аумақ туралы ақпарат автоматты түрде тартылады. Тізімнен учаскенің бірін таңдау қажет. Сұрау салу порталға тікелей түседі. Сұрауға берілген жауаппен пайдаланушының жеке кабинетінде танысуға болады. Нысаналы мақсатына, учаскенің ауданына және жұмыс көлеміне байланысты төлем сомасы анықталады, оны электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы жүргізуге болады.
Жаңа қызметтер: Жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау. Жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы мәліметтерді ұсыну, Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректері бойынша жобаланатын жер учаскесін келісу.