Қырғызстанда 729 адам коронавирус жұқтырған

Қырғызстанда 729 адам коронавирус жұқтырған

Қырғызстанда 729 адам коронавирус жұқтырған
ашық дереккөзі
206
Қырғызстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 729 адамға жетті. Бұл туралы Кабар агенттігі хабарлады.  Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қатерлі вирусты жұқтырғандардың 394-і – әйел, 355-і – ер адам. Жас мөлшеріне келсек, науқастардың 94-і 15 жасқа дейінгі балалар, оның 4-еуі – бір жасқа дейінгі сәби. Сондай-ақ, 16-дан 19 жасқа дейін – 20 азамат,  20-дан 35 жасқа дейін – 204 азамат, 35-тен 55 жасқа дейін – 253 азамат, 55 жастан жоғары – 158 азамат індетке шалдыққан. Елде коронавирус жұқтырғандардың 437-сі емделіп шықты. 8 адам көз жұмды. Айта кетейік, Қазақстанда 3138 адамнан қатерлі вирус анықталды. Науқастардың 818-і дертінен айықты, ал 25-і қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары