ТЖ кезінде жүк пойызымен қонаққа бармақ болған ақтөбеліктер ұсталды

ТЖ кезінде жүк пойызымен қонаққа бармақ болған ақтөбеліктер ұсталды

ТЖ кезінде жүк пойызымен қонаққа бармақ болған ақтөбеліктер ұсталды
ашық дереккөзі
20348
Төтенше жағдай кезінде жүк пойызымен Ақтөбеден Қандыағашқа қонаққа бармақ болған 5 адам ұсталды. Бұл жайында ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  Төтенше жағдай кезінде теміржол көлігінің қозғалысына шектеу енгізілгеніне қарамастан, азаматтар түрлі жолдармен еліміздің өңірлеріне сапарлауға тырысып жатты. Мәселен, Қандығаш стансасының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жүк пойызымен Ақтөбе стансасынан Қандыағаш стансасына (Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы) дейін бармақ болған 5 адамды ұстады. «Полиция қызметкерлері құқық бұзушылардың Қызылорда мен Ақтөбе облыстарының тумасы, жастары 23 пен 56 жас аралығында екендігін анықтады. Бұл тұлғаларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылды», – деп атап өтті ведомстводан. Сондай-ақ, көлік полицейлері Қарағанды жолаушылар стансасының теміржол вокзалы перронында ешбір құжатсыз жүрген Қарағанды және Жезқазған қалаларының екі тұрғынын ұстады. Қарағанды қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен екі азамат да әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп танылды және 2 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары