174
4 мамырдан бастап жұмыс істейтін нысандар тізімі белгілі болды
4 мамырдан бастап жұмыс істейтін нысандар тізімі белгілі болды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, – деп жазды primeminister.kz.
Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, карантин жағдайында өңірлердегі шектеу шараларын жеңілдету жөніндегі ұсыныстар туралы Премьер-Министрдің орынбасары Е.Тоғжанов баяндады.
Мемлекеттік комиссия өңір әкімдерінің ұсынысын қарап, Денсаулық сақтау министрлігінің позициясын ескере отырып, бірқатар шешім қабылдады:
1. 4 мамырдан бастап барлық өңірлерде жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілді:
- аумағы 500 ш.м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері);
- фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер;
- шаштараздар (жазылу бойынша);
- медицина орталықтары (жазылу бойынша);
- стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша);
- жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;
- шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.