Мамырда коронавирус жұқтырғандар саны 5,3 мыңға жетуі мүмкін – Бас санитар

/
Мамырда коронавирус жұқтырғандар саны 5,3 мыңға жетуі мүмкін – Бас санитар
ашық дереккөзі
Мамырда коронавирус жұқтырғандар саны 5,3 мыңға жетуі мүмкін – Бас санитар Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мамырдың соңына дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 5,3 мыңға жетуі мүмкін екенін мәлімдеді.  Онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында бас санитар: «Жалпы Қазақстан бойынша сәуір айының соңына дейін 3 400-ге жуық оқиға тіркеледі деп болжап отырмыз. Ал мамыр айының соңына дейін коронавирус жұтырудың 5 300-ге тарта оқиғасы тіркелуі мүмкін», – деді. Осы орайда ол бұдан бұрын жасалған болжамға түзетулер енгізілгенін атап өтті. Еске сала кетейік, бір апта бұрын мамырдың соңына дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңға жетуі мүмкін екені айтылған еді.
Бөлісу: