240
Қазақстанда төрт журналист коронавирус жұқтырған
Қазақстанда төрт журналист коронавирус жұқтырған
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде төрт тілші коронавирус инфекциясын жұқтырғанын мәлім етті.
Онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында бас санитар: «Біздегі мәліметтер бойынша індетке шалдыққандар арасында төрт журналист бар. Олар инфекцияны науқаспен қарым-қатынас кезінде жұқтырып алған. Қазіргі уақытта аталған тілшілердің жағдайы қанағаттанарлық», – деді.