Несие: елімізде 5,3 млн азаматтың 4,4 трлн теңге берешегі бар

Несие: елімізде 5,3 млн азаматтың 4,4 трлн теңге берешегі бар

Несие: елімізде 5,3 млн азаматтың 4,4 трлн теңге берешегі бар
ашық дереккөзі
404
1,6 миллионнан астам қарыз алушының қарыздары бойынша төлеу мерзімін кейінге шегерді, 246 кәсіпкер несиелеу бағдарламасы бойынша жеңілдікпен несие алуға мақұлдаудан өтті және 1,7 млн адам әлеуметтік жәрдемақы алу үшін төлем карталары мен карточкалық шоттар ашты.  2020 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктерге және өзге де кредиттік ұйымдарға микрокредиттер төлемін тоқтата тұруға 1 844 599 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 1 831 489 жеке тұлға қарыз мерзімін кейінге қалдыруға өтінім берді, 13 110 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі төтенше жағдай кезеңінде несие мерзімін кейінге шегеру үшін кредиттік ұйымдарға жүгінген. Нәтижесінде 1 661 232 жеке тұлға 237,4 млрд теңге сомаға немесе барлық қарыз алушының 31,3 пайызы төлемдерді тоқтата тұруға мақұлдау алды. Оның ішінде 299 363-і – халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының өкілдері. Сонымен бірге 11 561 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі 138,8 млрд теңге сомаға немесе кәсіпкерлердің жалпы санының 44,1 пайызы мерзімін кейінге шегерді. Бүгінгі күні шамамен 5,3 млн азаматтың 4,4 трлн теңге сомаға және 26,2 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің 3,9 трлн теңге сомаға банктік қарыздар және микрокредиттер бойынша берешегі бар.

Серіктес жаңалықтары